«Қазақ тілі әлеміне саяхат»

Тілдер  апталығы аясында 3 және 4  сыныптар арасында  «Қазақ тілі әлеміне саяхат» атты сайыс өтті.

«Қазақ тілі әлеміне саяхат» атты білім сайысымыз негізінен 5 кезеңнен болды: «Мәнерлеп оқу», «Сауатшы», «Сергіту сәті», «Аудармашы», «Сөздер әлемі» аялдамалары.

Іс — шараның  басты мақсаты: өзге ұлт оқушыларының қазақ тілін үйренуіне, еркін сөйлеуіне жағдай жасау,  олардың тілге деген қызығушылықтарын арттыру, сонда ғана олардың тілді үйренуге деген құлшыныстары артады.  Іс — шара өте қызықты өтті.